Жазғы демалыстың жабылу салтанаты

Конец формы

Балалар асыға күтетін қызыққа толы жазғымаусым да орталанып қалды.   Әрбаланың саулығын нығайтып, өмірге көзқарасына оң әсер ететін, демала отырып, қабілет ерекшеліктерін ұштайтын, белгілі деңгейде еңбек, өнер, спорт дағдыларына баулитын мазмұнды демалысты ұйымдастырудың маңызы зор екені даусыз. «Бар жақсылық балаларға» дегендей, лагерьл ердіашып, демалыстардың жоғарғы деңгейде өтуіне үлкен көңіл бөлінуі де шынайы қамқорлықтың көрінісі.

Рас, лагерь  ашу оңай нәрсе емес, алайда қол қусырып отыру да мүмкін емес.                                        Жазғы лагерь жұмыстары да сан қилы. Бұрынғыдан мүлдем басқа.  Биылғы оқу жылы аудан төңірегінде екі жазғы сауықтандыру лагерлер жұмысы ұйымдастырылды: «Шіркін-ай» ұлттық нышандағы лагерь Жантеке ауылында., ал экологиялық бағыттағы «Қоқиқаз» лагері Шалқар ауылында. Балалар демалысты оқумен ұштастырып, түрлі бағытқа бөлініп, тынығып, әр салада білімдерін жетілдіріп, демалды. Әрине, бұл жақсы жаңалық. Баланың білімге деген ынта-ықыласын арттырып, болашақта оның білікті маман болып қалыптасуына кең жол ашады. Демек, лагерьдің алатын орны ерекше. Лагерьде кім демалғысы келмейді дейсіз?! Әр ауылдан жиналып, көздері мөлдірей, алдан үкілі үміт күткен балдырғандар аудан лагерлерін базарлы балалық шақ мекеніне айналдырды.Бір-біріне ынтанысып, тығыз араласып кетті. Әртопқа бөлініп, тәрбиелік мәні бар шаралар мен қызықты сайыстарға белсене қатысты. Бәрінің де таланттары ашылып, бар өнерлерін ортаға салды. Әр бала жұлдыз болуға лайық. Тек оны көребіліп, уақытында  дембергенге не жетсін. Лагерь өмірі сондай көңілді ғой. Дүбірлі шаттық, балалар күлкісінен арылған емес. «Қоқиқаз» лагерінде денетәрбиесіндегі шаралар жиі ұйымдастырылып, балалар көңілін жадыратты. Алаңдарда волейбол, футбол, баскетбол, түрлі ұлттық ойындар өтіп тұрды. Шаралар балалардың дене дамуын жетілдіру, ептілік, жылдамдық, төзімділік, шешімділік қасиеттерін дамытып, олардың көңілді демалу және тынығуларына жағдай жасау бағытында жүрді. Ойластырылып, түрлендірілген спорттық шаралар тынығушыларға ерекше ұнады. Спорттық эстафеталар қызықты да тартысты болғанын тамсана әңгімелеуде. Көпшілігі спортқа бейім балалар екен. «Қоқиқазда» балалар өз демалу уақыттарын көңілді өткізгені рас. Тынығушылармен жалықпай жұмыс жасаған тәлімгерлер мен тәрбиешілердің еңбектері елеулі. Міне, «жаз жайнатып, күн күлдіріп» жаз айы да орталанып, лагерьлер де аяқталуға таяпқалды. Аудандық лагерлердің 3-ші кезеңінің жабылу салтанаты  да ерекше жағдайда өтті. Оған лагерь тынығушыларымен қатар, ата-аналар, тәрбиешілер де қатысты. Салтанатқа орай тынығушылар сап түзеп тұр. Жүздері қуаныштан бал-бұлжанады. Шара «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен өз шымылдығын ашты. Көпшілікке «Наз» тобы бишілері өнерлерін ұсынды. Лагердің өз әндері де жұртшылықты ұйытыптастады. «Қуыршақтар», «Қазақ» билері де жиналғандарды тамсантты. Демалушылар әндері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жатты. Лагерь басшысы  өз сөзінде санаулы күндерден соң әсем де ару қала – Астананы аралап, саяхаттауға  ауылдан 37 бала баратынын да тілге тиек етті.  Аудан Әкімінің орынбасары С.К  Аққожина лагерьде жұмыс істеген барша тәрбиеші қыз-жігіттерге, медбике, аспаздарға, төрт кезеңде де балалармен тығыз байланыста жұмыс істеп, белсене атсалысқан  Асылбек, Алишер, Жанар, Аида, Айбек,Жұмабек сынды тәрбиешілерге ризашылығын білдірді. Ол барлық тынығушыларға бақытты да сәтті балалық шақ тіледі. Білім бөлімінң басшысы Қ.Қ  Байгулова өз сөзінде санаулы күндерден соң әсем де ару қала – Астананы аралап, саяхаттауға  ауылдан 37 бала баратынын да тілге тиек етті. Зал ішін «Өз елім» әні кернеп кетті. Ата-аналар лагерьде демалған өз балалары атынан шынайы ризашылықтарын білдірді. Барлық өткен шаралар тынығушылар көңілінен шыққанын, балалары жақсы демалғанын, алғақарай да аудандық лагерлері жақсарып, көркейе бергей деген тілектерін жеткізді. Болашақта, арнайы  лагерь болғанын қалайтындарын жасырмады.                                                                                                Мектеп директорлары К Мукатова мен К Асанова – лагерь басшылары -лагерьде қызмет еткен барша қызметкерлерге, демеуші ағалары А Балтабеков, А Карагожин, А Абилдин, ЕАлпыспаев, Ильясов Г лагерьге көмектесіп, жоқты бар етіп, лагерь үшін жүгіріп, жұмыстанғандары үшін алғыс айтты. Ол лагерь тынығушыларына сабақтарын жақсы оқуларына тілектестік білдіріп, жақсылықпен кездесейік деп, салтанатты қорытындылады. Иә, қызыққа толы күндер де әне-мінедегенше өте шықты емеспе. Демалу бағдарламасы да өз мақсатына жетті. Балалардың кетершақта бір-бірін қимай қоштасуы көңілге ерекше бір әсер қалдырғандай болды. Өйткені, олар демалыста көп достар тауып, бір-біріне бауыр басты.Әрине, «Шіркін-ай»  мен «Қоқиқазда» өткен түрлі сайыстар естен кетер емес.        Алда, жаңа оқу жылы тынығып, демалып, сауығып жаңа күш жігермен жаңа оқу жылын бастауға әзірліктеріміз баршылық Тамыз айы бойы қала сыртындағы лагерге  жолдама алып барынша  балаларды қамту жоспарда.

Көркем Сағынтай                                                                                                     Білім бөлімі




Автор: Сағынтай.К
Просмотров: 4449
Дата создания: 28 Июля 2014 г.
Дата редактирования: 28 Июля 2014 г.