Список статей
2018 жылдың мамыр айының 13-16 күндері 10 сынып оқушылар арасында өткен оқу-дала жиынына мәлімет

2018 жылдың мамыр айының 13-16 күндері 10 сынып оқушылар арасында өткен

оқу-дала жиынына мәлімет

         13 мамыр күні 10 сынып оқушылары арасында аудан білім бөлімінің өткізілуімен, мектептер арасында оқу дала жиыны А.Төлеубаев атындағы орта мектебінде өткізілді. Бұл жиынға 7 мектеп қатысты. Олар: Қорғалжын мектеп-гимназиясы, А.Төлеубаев атындағы орта мектеп, Усенов атындағы Сабынды орта мектебі, Арықты орта мектебі, Қызылту орта мектебі, Кеңбидайық орта мектебі және Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі қатысты. 14 мамыр күні   А.Төлеубаев атындағы орта мектебінде салтанатты ашылуы болды. Бұл салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Тустекбаев Ж.Д  және аудан білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ашимова А.Т мен Қорғаныс істер жөнідегі бөлімінің бастығының орынбасары моер Касенов С.К сөз сөйлеп оқу дала жиынына қатысқан оқушыларды құттықтады. 15 мамыр күні білім бөлімінің әдіскері Мусай Орынбергеннің ұйымдастыруымен Целиноград ауданы Ақмол ауылына № 44813  әскери бөлімі ашық есік күніне саяхатқа барды. Оқу дала жиыны бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. 16 мамыр күні  төтенше жағдайлар бөлімі оқу дала жиынына қатысқан оқушылар арасында жарыс өткізді. 16 мамыр күні оқу дала жиынының 3 күндік қортындысы қортылып салтанатты жабылу шеруі болды. Салтанатты жабылу шеруіне аудан әкімінің орынбасары Тустекбаев Ж.Д  және аудан білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ашимова А.Т құттықтау сөз сөйлеп оқушыларды грамоталармен сыйлықтармен марапаттады. Оқу дала жиынына қатысқан мектептердің арасында командалық 3-орынды Усенов атындағы Сабынды орта мектебі, 2-орынды А.Төлеубаев

атындағы орта мектебі және 1-орынды Кеңбидайық орта мектебі алды.

Автор: Мусай О.
Просмотров: 170
Дата создания: 18 Июня 2018 г.
Дата редактирования: 18 Июня 2018 г.
www.egov.kz
Опрос