Список статей
Мектепке дейінгі мекемелерде билингвалдық және полилингвалдық оқыту-заман талабы

 

Мектепке дейінгі мекемелерде билингвалдық және полилингвалдық

оқыту-заман талабы

 

«Қазіргі біз балаларымызға қазақ тілімен қатар орыс және

ағылшын тілдерінде белсенді  меңгеру үшін

жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.Үш тілдік мемлекеттік деңгейде ынталандыруы

керек»-                                                          

деген болатын Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі заманда өз халқымызды дамып, өркениеттен қалмау

үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған

қажеттілік. Мектепке дейінгі балаларға қай тілді болсын үйретсе, тез үйреніп,

меңгеріп кетеді. Баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап

жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Білім бөлімінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 28-сәуір

айында білім бөліміне қарасты балабақшалар мен шағын орталықтар арасында «Балауса»

балабақшасының аясында  «Мектепке дейінгі

мекемелерде билингвалдық және полилингвалдық оқыту»  тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Мақсатымыз  шағын орталықтар мен балабақшалардағы  өз 

әріптестер арасында іс-тәжірбие алмасу болатын. Семинарға тәрбиешілермен

бірге бастауыш сынып мұғалімдері де қатысты. «Балауса» балабақшаның меңгерушісі

А.Р.Абдуллина семинарға  қатысушыларды

балабақша өмірімен қысқаша таныстырып өтті. Тақырыпқа сәйкес педагог-психолог Г.Р.Курегенова

тәрбиешілердің  көңіл-күйін көтеріп

қызықты тренинг, ойындар ұйымдастырды.  Өзіміздің іс-тәжірибемізбен бөлісу мақсатында әріптестеріміздің

назарына тәрбиешілеріміз өткізген бірнеше оқу іс әрекеттерін көрсеттік. Оқу

үрдістерінде  ойын түрінде балалардың жас

және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес  «Ақбота» 

1-кіші сауықтандыру тобының бүлдіршіндерімен  тәрбиеші А.Қ.Жумагулова күнделікті

сауықтандыру шараларының элементерін көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндерге

балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Сөйлеуді дамыту оқу-іс әрекеті бойынша  Астананың 20 жыл  мерекесіне орай «Жұлдыз» 1-кіші топта

тәрбиеші  Ж.Нурмаханова «Айгөлек» 2-кіші

топта «Үй құстары» тақырыбында тәрбиеші А.Т.Джакупова көрсетті. Оқу

іс-әрекетінде                             

                              биллингвалдық  және полилингвалдық компонентін қолдану арқылы

«Қоқиқаз» ортаңғы  тобының  балаларымен ағылшын тілінің мұғалімі Ж.Қ.Баймуханова

ағылшын тілі бойынша «Менің отбасым» тақырыбында және тәрбиеші А.Т.Касымова

орыс тілінде «Маша в гостях у друзей» тақырыбында сабақ көрсетті. «Балапан»

ортаңғы сауықтандыру тобының тәрбиешісі Ш.С.Адильханова қарапайым математиканы  ұйымдастыру оқу қызметінде балалар үш тілде

санап, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Баланы

ерте жастан  тілі тез жетілуі және  есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту мақсатында  тәрбиеші А.А.Турсынова  «Бауырсақтың орман аңдарымен  достасуы» тақырыбында драмалық қойылым

көрсетті. Тәрбиешілер балабақшадағы оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты деңгейде  өтуі үшін қажетті  жағдай жасауға бір кісідей ат салысты.                                                                      

  Біз тәрбиелеп жатқан қазақ еленің балалары

ертеңгі еліміздің, ұлтымыздың мақтанышы.                                                                                                           

«Балауса»

балабақшасының әдіскері Мусабаева К.Ж.

Автор: Мусабаева К.Ж.
Просмотров: 194
Дата создания: 21 Мая 2018 г.
Дата редактирования: 21 Мая 2018 г.
www.egov.kz
Опрос